Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүргізуші 11 жастағы қызды қағып, аялдамаға апарып тастап кеткен

Алматыдағы Достық даңғылы бойында жеңіл автокөлік 11 жастағы қыз баланы қағып кетті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызым мектептегі сабағы біткен соң үйге қайтып келе жатқан. Достық  даңғылының бойында орналасқан  48-ші мектеп жанындағы жаяу жүргінші жолағында қызымды қара түсті машина қағып кетті. Рөлде әйел адам болды. Ол қызымды үш аялдама жоғары апарып, сол жерге тастап кетіпті. Тіпті жедел жәрдем де шақырмаған. Настя үйге әрең жетті», – дейді қыздың анасы Алла Пархоменко.

Оқушы қыз басынан қатты соққы алған. Ол қазір ауруханада жатыр.

Қзыдың анасының сөзінше, оқиғаға куә болған оқушылар тек көлікті қара түсті екенін естеріне сақтап қалыпған.

Қазіргі уақытта Медеу ауданының жол полициясы аталған істі тіркеуге алды.

Оқи отырыңыз:

Алматы әуежайында ұшқалы тұрған әуе кемесі жолақтан шығып кетті

Орал тұрғыны өзін Қазақстан азаматтығынан айыруды сұрап отыр

Ескерту: Алматыда жауынның арты көктайғаққа ұласуы мүмкін

Қазақ жерінен табылған «Алтын адам» әлемді аралайтын болды

Талқылау