Алматыда жын-ойнақты жапқан сот орындаушылары жезөкшелердің қарсылығына тап болды

Жұма, 15 Сәуір , 2016 22:40

Алматыда заңға бағынбаған жезөкшелер ордасы жабылды. Қызметін тоқтату туралы сот шешімі шықса да үйреншікті жұмысын жалғастырған қонақүйлердің есігіне сот орындаушылары мөр басып тастады, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

12.10.8

Сурет: www.info-tses.kz 

«Қонақүй» деген аты болмаса, түнгі көбелектер толып жүретін бұндай ғимараттарды жабу оңай емес. Дөкей көкелеріне сенетін иелері заң өкілдерінің өзіне доқ көрсетуден тайынбайды.

Есігін іштен іліп жатқан үйге баса-көктеп кіруден басқа амал қалмады. Сейфуллин даңғылындағы ғимараттың іші қызға толы. Кімдер екені түрлерінен-ақ көрініп тұр. Ешқайсысының қолында құжаты жоқ.

Бұндай рейдке қыздарда әбден үйнеріп алған. Кіріп келгенде беттерін көлегейлейтін бір-бір орамалы дайын тұрады. Жататын жерлері де адам көргісіз, санитарлық жағдайдан жұрдай. Бұлар тек аяқасты тап бергендіктен қаша алмай қалғандары ғана. Ал есік ашпай қойғандарға екі аяқты еркін сермеуге болады.

Бұл қонақүйлерге қызметін тоқтату туралы сот шешімі шыққан. Бірақ оны пысқырмай, табысты бизнесін жалғастыра беріпті. Бүгін солардың бірсыпырасының есігін күштеп мөрлеуге тура келді. Тек мұндайда дікеңдеген біреулердің пайда болатыны бар.

Қара құлып салынып, мөрлі қағазбен қатталған бұл нысандарда жезөкшелік бизнесі қайта жалғасатын болса, иелері енді қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

“Үш айға, бір жылға, екі жылға жабылсын деген соттың шешімі бар. Біз жауып кеткен қонақүйлер мен үйлерді   өз еркімен ашып алады.Оларға біз әкімшілік іс-шаралар қолданамыз, – дейді сот орындаушысы Рахым Орынбаев.

Бұл қонақүйлер енді тек соттың шешімімен ғана қайтадан ашылуы мүмкін. Онда да тиісті заң талаптарын орындауы керек.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар