Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жұрт ғалым атанамын деп алаяққа алданып қалды

Алматыда ақшаға ғылыми дәреже алып беремін деп жұртты алдаған топ қолға түсті. Олар еліміздегі жоғарғы оқу орындарының гранттарын жеңіп алуға көмектесеміз деп 178 мың доллар жинаған,-деп хабарлайды ктк арнасы.

жемқор

«Болған іс болды, мен алғанды ары қарай бердім. Оның барлығы Дариға Серікбаеваның шотына аударылған. Қағаздардың барлығы бар. Мен кейбіреулерінен алдым, кейбіреулерінен алған жоқпын. Енді олар 2 мың сұрап тұрса, мен мыңнан қалай аламын»,-дейді күдікті.

Күдіктілер магистратура мен докторантураға түсуге ниет білдірген азаматтарға өз көмегін ұсыныпты. Тіпті «жаңа тәжірибелік магистратура мен доктарантура» деген мемлекеттік бағдарламаны ойдан шығарып, гранттарын саудалуға кіріскен. Тегін оқудан бөлек алаяқтар аңғал жұртты ай сайын 130-180 мыңнан шәкіртақы аласың деп алдаған.

Қазір полицияға 8 азаматтан арыз түскен. Бірақ тәртіп сақшылары тәркілеген құжаттарда 67 адамның аты-жөні тұр. Сондықтан өзге азаматтар Жандарбек Берестенов, Дариға Серікбаева мен Ыбрайым Захыровтың қолға түскенін білмеуі мүмкін. Айта кетерлігі күдіктілердің бірі Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қызметкері әрі Қазақстан суретшілер одағының жауапты хатшысы болған.

Талқылау