Алматыда жолдың қарсы бетімен жүйткіген дипломатиялық нөмірлі көлік елдің наразылығын туғызды (видео)

Бейсенбі, 6 Қазан , 2016 14:30

Дипломатиялық нөмірі бар көліктің жол үстіндегі әрекеті алматылық жүргізушілердің ашуын тудырды. Кадрде көрінгендей БҰҰ белгісі бар көлік ережені белден басып жолдың қарсы бетімен зулап бара жатады.

5d297a0d56d6f0a39624a5e593180545feca

Фото: motor.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Белді халықаралық ұйымның өкілдігі бұл көлік біздікі емес деп жалтарған. Олар автомобил де, нөмір де бізге қатысы жоқ дейді. Ереже бұзушыларды одан әрі іздеу мақсатында штаб-пәтері Францияда орналасқан Адам құқын қорғау халықаралық комитетімен байланысуға тура келді. Құқық қорғау ұйымына білім саласының құрметті азаматы, жазушы Әбен Нұрманов жетекшілік етеді. Телефонмен берген жауабында ол нөмірлердің Парижден шыққан түпнұсқа екенін, олардың дипломатиялық дәрежесі бар екеннін мәлімдеді.

“Жалған нөмірлер болғанның өзінде біздің полицейлер мен комитеттегілер оны жауып тастаушы еді. Мені 5 жыл ішінде тоқтатқан емес. Біз дипломатиялық корпусқа тиесіліміз”, – дейді Әбен Нұрманов.

Ал сыртқы істер министрілігі болса бұл комитеттің бізге үш қайнаса сорпасы қосылмайды деп зар қағып отыр.

“Ондай ұйым Сыртқы істер министрлігінде дипломатиялық өкілдік ретінде ресми тіркелмеген, аккредитациялары жоқ. Сол себепті ешқандай дәрежеге де, құқыққа да ие емес”, – деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Қазір істі ішкі істер министрі тексеріп жатыр. Құқық қорғау комитетіне нөмірді кімнің бергені, олардың қаншалықты жалған екені анықталмақ. Нәтижесі жақын күндерде жарияланбақ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар