Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жолаушылардың мазасын алған 45 жастағы әйел жауапқа тартылды

Алматыда көлік полициясы жолаушыларға жармасып, мазасын алған 45 жастағы әйелді ұстады. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабалады.

16410510-Женщина-арестована-и-помещена-в-наручниках-затем-пере�

Бұл туралы STAN.KZ сайты хабарлайды.

Алматы-2 стансасының желілік полиция бөліміне вокзал бойынша кезекші хабарласты.

Ол Алматы-2 стансасындағы темір жол вокзалында бір әйелдің «Темір жол билетін сатып алыңыздар» деп жабысып, қайта-қайта мазаларын алып жатқандығын айтты.

Жедел-іздеу шарасы барысында көлік полициясы Алматы қаласының тұрғыны, 45 жастағы әйелді ұстады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабының 1-тармағы (Қоғамдық орындарда сатып алу, сату, басқа да қызметтерді күштеп тықпалау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

ҚР ІІМ көліктегі ІІД бастығының баспасөз қызметкері Ләззат Аленованың  айтуынша, қазіргі таңда көліктегі ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлімшесі 55 678 әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерді тіркеген. Олардың ішінде 998 құқық бұзушылық әрекет қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алуға байланысты.

Айта кетелік, мұндай құқық бұзушылық жасаған адамға бірінші рет 5 АЕК (9910 теңге), бір жыл ішінде тағы қайталайтын болса 10 АЕК (19820 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке әкімшілік тұтқынға алынады. Шет елдіктер тарапынан жасалса, 5 тәулікке әкімшілік тұтқынға алынып, елден аластатылады.

Талқылау