Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жолаушыларды құтқарған автобус жүргізушісі марапатталды

Алматыда өртке оранған автобустан 10 оқушыны құтқарған жүргізуші марапатталды.  №29 автобустың өртену себебін арнайы комиссия анықтау үстінде.

eebb21d5baeb23c23e713fa2ba21577c
«Green Bus» ЖШС директорының орынбасары Бахытжан Рыспаевтың айтуынша, автобус жолға шықпастан бұрын әбден тексерілген, деп хабарлайды Қазақпарат.

20161010130855

«Қорытындысы шықпай, автобустың өртену себебін әлі айта алмаймын. Комиссия тыңғылықты сараптама жасап жатыр. Комиссия құрамына әртүрлі қызмет мамандары, мемлекеттік орган өкілдері енді. Біз енді алда мұндай жағдайды болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын қарастыратын боламыз», – деді ол.

20161010130920

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласы бойынша ТЖД басшысы Серік Әубәкіров аталған бағдардағы автобус жүргізушісі, 30 жастағы Азамат Сағыновқа өрт сөндірушілерді күтіп тұрмастан, көліктегі 10 оқушыны құтқарғаны үшін Алғыс хат тапсырды.

20161010130845

Жүргізуші өз сөзінде өрт шыққанда сасып қалмағанын, жолаушыларды түсіріп болған соң ғана, өрт сөндіру баллонымен қызыл жалынды ауыздықтауға кіріскенін айтты.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні Достық даңғылы бойымен Бутакавкаға кетіп бара жатқан №29 автобус өртеніп кетті. Жүргізуші автобусты тоқтатып, 10 оқушыны алып шыққан.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада көпқабатты үйдің тұрғындары көлігін дұрыс тұраққа қоймаған көршісін жазалады

Британиялық әйел 13 жыл бойы үйін жинамаған көршісінің өмірін түбегейлі өзгертті (фото)

Астана тұрғыны қымбат Tesla көлігін бар жоғы 5 мың теңгеге иемденді

Шығыс Қазақстанда бойжеткен жүріп бара жатқан пойыздың астына түсті

Талқылау