Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жол полициясының қызметкерлері соққы жеді

Алматыда кеше жол апаты болып, оқиға орнына келген полицейлер жол апатына қатысушылардың қарсылығына тап болды.

photo_81793

Оқиға кеше түнде Мұқанов көшесінің Абай даңғылынан төмен тұсында болған.

СЖ 1-3(2)
Мұқанов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан «Дэу-Нексиа» көлігіне бұрылыстан шыққан «Лексус» маркалы автокөлік бетпе-бет келіп соқтығысқан. Апат салдарынан «Нексиада» отырған 3 адам, жапон көлігіндегі бір адам зардап шеккен. Апат орнына полиция қызметкерлері келгенде Лексус жүргізушісі жасырынып қалған көрінеді. Біраз уақыт өткен соң соқтығысқан көліктерге «Лексус» жүргізушісінің «қолдаушылары» келіп, көліктің мемлекеттік нөмірлерін шешіп әкетпек болады.

Полиция оны байқап қалып, тоқтатады. Жол апатына кінәлі Лексус көлігінің жүргізушісі де осы «қолдаушылардың» көлігінде отырғанын көрген полицейлер оларды ұстамақ болады. Осы кезде төбелес басталады. Төбелестен және жол апатынан жарақат алғандарға медициналық жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетті.

Ескерту! видеода былапыт сөздер  бар.

Талқылау