Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полицейлері мереке күндері мас күйінде көлік тізгіндеген 46 жүргізушіні ұстады

Жолда жүру ережелерін өрескел бұзудың алдын алу үшін Алматы ІІД 14-17 желтоқсан аралығында алдын алу шараларын жүргізді.

DSC_1544444

«Аталған уақыт аралығында бірқатар жол ережесін бұзу оқиғалары тіркелді. Атап айтқанда – ішімдік ішіп көлік жүргізу бойынша – 46; тіркелген мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізу бойынша – 103; көлік терезелерін көлеңкелеп жүру бойынша – 255 оқиға тіркелді», – деп хабарланған ІІД жұма күнгі хабарламасында.

Полицияның мәліметі бойынша Жол жүру ережесін бұзу бойынша барлығы 4092 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Талқылау