Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жол апаты қаупі жоғары көшелер анықталды

Алматы қаласындағы жол апаты қаупі жоғары көшелер анықталды. Құрылған рейтинг бойынша Шығыс айналма жолы көш бастап тұр.

ммм

Сурет rtsdecaux.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Шығыс айналма жолында тәулігіне үш жол-көлік оқиғасы тіркеледі екен. Ал негізінде мамандар ол тұстағы жол апаты саны бұл саннан әлдеқайда көп дейді.

“Шығыс айналма жолында негізінде жол апаты жиі болады. Бірақ, көп жағдайда көлік иелері үнемі жол-патрульдік полицияға хабар бермейді”, – дейді Kompetenz сақтандыру компаниясы өкілдері.

Шығыс айналма жолындағы қауіпті жерлер санатына Халлиуллин көшесінен бастап Балтабаев көшесіне дейінгі аралық кіреді екен. Бұл жерде көлік жүргізушілері жылдамдықты жиі асырып жібереді. Ал көлікті қайта жөндету құны орта есеппен 343 мың теңгеге барады.

Рейтингтің екінші орынында – “Алтын орда” базары орналасқан тұстағы Райымбек даңғылы бойы. Үшінші орында да дәл осы даңғыл, бірақ, “Сайран” автовокзалы маңы. Бұл жердегі жол-көлік оқиғасына көбінесе көліктердің бір-бірінен озып кету әрекеті себеп болады екен.

Сондай-ақ, қауіпті көшелер ретінде Төле би-Байзақов, Абай-Әуезов, Алтынсарин-Жандосов көшелерінің қиылыстары көрсетілген.

Талқылау