Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен журналист қыз өлі күйінде табылды

Журналист, продюсер Әйгерім Мұсаева 20 қазан күні өлі күйінде табылды.

Әйгерім Мұсаева екі баланың анасы. Hit tv арнасында продюсер болып қызмет атқарды. Әріптестері Әйгерімнің жоғалғаны туралы жариялап, іздеу салған еді. Ол үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Тексере келе Әйгерімнің Алатау ауданындағы ХҚКО-ның бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны белгілі болды. 

«Әйгерім Мұсаева күндіз үйінен шығып кеткен де, әлі қайтып оралмаған. Үйден кетіп қала салатындай, жеңіл ойлайтын қыз емес. Екі баласы бар. Жолдасы бар. Өкініштісі сол, ұялы телефонын да үйде қалдырып кетіпті. Сондықтан, қайда жүргенін сұрап біле алмаған ешкім кешеден бері.  Әйгерімді жақындары өте жауапты адам ретінде біледі. Сондықтан, екі баласын тастап кетуі мүмкін емес!», – делінген әріптестерінің жазбасында.

Алайда келіншектің қалай көз жұмғаны әзірге белгісіз. Дүйсенбі күні ІІД оқиғаға қатысты ақпарат жариялайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау