Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды

Алматыда 6 ақпанда жоғалып кеткен 23 жастағы Әлихан Қапановтың денесі табылды.

Қалалық полиция басқармасы бұл ақпаратты растады. Жас жігіттің қайтыс болуының алдын-ала себебі – аязда үсу.

«Зорлық-зомбылық өлімінің белгілері табылмады, сот-медициналық сараптама жігіттен неден қайтыс болған себебін анықтайды», – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Туыстарының айтуы бойынша, жігіттің денесі Алма-Арасан аймағынан үсік шалған күйінде табылды.

Бұдан бұрын жас жігіттің туыстары  Өскемен қаласының 23-жастағы тұрғыны Әлихан Қапановтың Алматыда 6 ақпанда Өтепов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы үйінен шығып, жоғалып кеткені туралы хабарлаған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау