Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен жас ана аман-сау табылды

Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы Алена Захарова өзінің әжесінің үйінен табылды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

v

“Алматы полицейлері 25 жастағы Алена Захарованың орналасқан жерін анықтады. Ол өзінің әжесінің үйінде болып шықты. Қыз үйінен кетіп қалуын жеке шешімі және отбасылық мәселелермен байланысты деп түсіндірді”, – делінген хабарламада.

Оның жоғалып кеткені туралы шағым полиция бөлімшесіне 15 қыркүйек күні түскен болатын. Алена Захарованың әлі бір жасқа толмаған сәбиі болған.

Аленаның жоғалғаны туралы хабарлама берген сыныптасы, “Достар, 13 қыркүйектен бері 1991 жылы туған Алена Захарова Юрьевнаны таба алмай жатырмыз. Шашының түсі қара, бойы 163 см, 13 қыркүйек күні сағат 13: 00 шамасында Сәтбаев және Розыбақиев көшелері маңындағы банкте болған. Көк джинсы шалбар, қара кофта, қызыл жилет, қара кроссовка киген. Өтініш, оны көрген, байқаған адам болса, 8(727)243-05-77, 8(705)913-22-25 немесе “102” нөмірлеріне телефон соғуды сұраймыз”, – деп жазған еді.

Оқи отырыңыз:

Астанада автобус жүргізушілерінің төбелесі жолаушылардың жағасын ұстатты

Депутат Ізмұхамбетовтің экс-келіні үш баласын ДНҚ сараптамасын тапсыруға жіберді

Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады

Алматыда қоқыстан басы мен қолы табылған адамды өлтірді деген күдікпен екі жігіт ұсталды

 

Талқылау