Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен қыздың анасы қызын ұрлап кеткеніне сенімді

Алматыда жоғалып кеткен 17 жасар Тамина Эльдарованың анасы қызын бұрын ұрлаған ер адам қайта ұрлағанына сенімді.

Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Анасының айтуынша, бұрын да ұрлаған ер адамның жасы 47-де.

«2018 жылдың 1 ақпанында да осындай жағдай болды. Оған арыз жазғаннан бір күннен кейін ғана жіберді», – дейді анасы.

Әйел Медеу аудандық ІІД мен ІІБ-на арыз жазған. Әзірше полицейлерден хабар жоқ.

Еске сала кетейік, Эльдарова Тамина Эльдаргызы – 22.05.2000 жылы туған, С.Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ, «Фармация» факультетінің 1-курс студенті. Ол 12 ақпан, сағат 13:40-та университеттен шығып, Жамақаева көшесінде жоғалып кеткен. Қыздың үстінде көк джинсы шалбар, жасыл күрте және қара угги етік болған.

Қандай да бір ақпарат білетіндер болса +7 707 375 3094, +8 775 907 97 97 – әпкесі, 8 702 678 80 00 немесе 102 нөмірлеріне хабарлассын.

Тағы оқыңыз:

ШҚО-да медицина маскасын киген қыз зейнеткерді ұрып, ақшасын тартып алған

Қазақстаннан кеткен жоғары білімді мамандар саны рекордқа жетті

Көкшетауда шенеуніктер мен тұрғындар жатақхананы бөлісе алмай дауласып жүр

Оралда жолға шашылған тауық аяқтары тұрғындардың ашуын келтірді

Талқылау