Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен екі баланың анасы Ресейдің ауруханасынан табылды

Алматыда жоғалып кеткен Ольга Городецкаяның табылғаны жөнінде «Қоғамдық қауіпсіздік қызметі» еріктілер ұйымының жетекшісі Ислам Угушев хабарлады.

«Ольга Городецкая тірі. Ол Мәскеу қаласында ауруханада жатыр. Ұйымымыз Ольганың туыстарымен және Қазақстан елшілігімен бірлесіп, келіншекті Қазақстанға қайтаруға атсалысып жатырмыз», – деді ол желідеі парақшасында.

4 қазан күні 28 жастағы Ольга Городецкая Сейфуллин мен Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан Mega Park сауда орталығынан шыққан. Осыдан кейін оны ешкім көрмеген. Екі баланың анасын полицейлер мен еріктілер де іздестірді. Жуырда еріктілер әйел Ресейде жүрген болуы мүмкін деген болжам жасады. Олар әйелдің SIM-картасының қайда екенін анықтаған екен. Алайда бұл дерек ресми расталмаған еді.

Тағы да оқыңыз:

Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласқаны туралы дау өрши түсті

Бүгіннен бастап Қазақстанда жол жүру ережесі өзгерді

Бүгіннен бастап Қазақстанда жол жүру ережесі өзгерді

Талқылау