Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі күйінде табылды

Алматыдағы Шаңырақ-2 ықшамауданында жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі табылды, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі күйінде табылды

Бүгін, 22 мамырда, жоғалып кеткен баланың денесі Шаңырақ ықшамауданындағы жуынды төгетін шұңқырдан табылды. Шұңқырдың тереңдігі – 1,5-2 метр.

Алдын ала мәлімет бойынша, 4 жасар Әрсен Көмекова терең шұңқырға құлап кетіп қайтыс болған.

ІІД мәліметінше, баланың денесінен зорлық іздері табылған жоқ.

Медицина сараптамасы жүргізілгеннен кейін, баланың қашан және неден қайтыс болғаны белгілі болады.

Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 17 мамырда Шаңырақ-2 ықшамауданында 4 жасар Әрсен Көмеков жоғалып кеткен еді. Ол үйінің қақпасының сыртында үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген.

Оқи отырыңыз:

Оралда құрылыс алаңынан табылған сәбиді туған анасы балалар үйінен алып кетті

Астанада қатты дауыл мен бұршақ салдарынан кран құлап, “пирамиданың” терезесі сынған (фото, видео)

Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаның мән-жайын айтты (фото, видео)

Биыл ҰБТ-ға қатысты түлектерге көмек болатын бірнеше жеңілдіктер енгізіледі

Талқылау