Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалған 16 жастағы спортшы қыз тау бөктерінде жігітімен бірге жартастан секіріп кетті (видео)

Алматыда 23 шілде күні жоғалып кеткен семсерлесуден 16 жастағы спорт шебері Анастасия Смирнова аман-сау табылды.

Безымянный

Бұл туралы еріктілер Фейсбук желісінде жазды.

Онда Анастасияның 17 жастағы Назар есімді жігітпен бірге кеткені айтылады. Дереу іздеу штабы құрылып, ақпараттар жинастырылған. Кейін Назардың тәртібі қиын жасөспірімдер тізімінде тұрғаны анықталады. Біраз уақыттан соң Назар Инстаграм желісіне беймәлім препараттардың суретін жариялайды.

Аздан соң Анастасияның анасы Екатериан Смирноваға куәгерлер хабарласып, жастарға ұқсайтын қыз бен жігітті “Шымбұлақтағы” қонақүйлердің бірінің жанынан көргенін айтады.

“Сол жерге келіп біз олардың Назар мен Анастасия екеніне көз жеткіздік. Сол кезде Назар Анастасияны алып, сай жаққа жүгіре жөнелді. Ислам Угушев олардың ізінен жүгірді. Біз оларды сол жартастан секіріп кетеді деп ойламадық. Олар 3 қабаттық биіктіктен секіріп, тастардың арасымен әрі қарай қаша жөнелді. Угушев олардың соңынан қалмай, әрекеттерін тоқтатуға көндіруге тырысты”, – деп жазады.

Назар “мен оны ұстап тұрған жоқпын” деген соң Угушев Анастасияның ізінен секіріп, оны ұстайды. Спортшы қыз секіремін деп жарақаттанып қалған. Анасы қолындағы дәрі-дәрмекпен оған көмек көрсетіп, жараларын таңа бастаған. Бірақ, қыздың жағдайы қиындап, оның ауызынан ақ көбік ағады. Сондай-ақ, басынан да қан кеткен.

“Оқиға орынына Валера Демидов қонақүйдегі балалармен бірге жүгіріп келіп, қызға көмектесе бастады. Ол кезде қыз есінен танып қалған. Ислам да жарақат алып, оны да төменге түсірді. Анастасия мен Исламды жедел жәрдемге жеткізгеннен кейін, Ислам Назардың қалай қарай қашып кеткенін полицейлерге түсіндірді”, – деп жазылған жазбада.

Еске салсақ, 16 жастағы спортшы қыз 23 шілде күні досымен кездесуге кетіп, содан соң туыстарымен байланысты үзген.

Оқи отырыңыз:

Таразда салмағы 6 келі 265гр сәби дүниеге келді

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған педофилді соққыға жыққан қарауыл қызметінен қуылды (видео)

Египетте 6 қазақстандық студент жоғалып кетті

Талқылау