Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды

Алматыда жоғалып кеткен 9-сынып оқушысы Жансая Жағыпбердиева табылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне қыздың анасы Бақытжамал Жолмухамедова хабарлады.

Zhansaya

«Иә, табылды. Қолдау көрсеткендеріңізге мың алғыс. Кеше Райымбек-Өтеген батыр көшелерінде оны тапқан. Қызым үйде. Ол 20 шілде күні колледжді аралауға қайда құжат тапсыруға болатынын білу үшін үйден шығып кеткен. Таңертең 11:00-де шығып, кешкі 18:30-да үй маңында екенін айтты. Бірақ, кешкі 21:00-де үйге келмегендіктен мен көмек сұрай бастадым», – деді Б. Жолмухамедова.

Анасының айтуынша, ол осы уақыт аралығында құрбыларымен бірге болған екен.

«Полицейлер айтқаннан кейін, мен оған ұрсқаным жоқ», – дейді қыздың анасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында 2000 жылы 8 қыркүйекте туған Жансая Жағыпбердиеваны ата-анасы үш күннен бері іздеп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

9-сынып оқушысы соңғы рет анасына Сейфуллин-Мақатаев көшелерінде жүргенін айтып, жарты сағатта келемін деп, үйге оралмаған. Сол күні ата-анасы ІІД арыз берді.

Талқылау