Алматыда жоғалған студенттің денесі өзеннен табылды

Сәрсенбі, 4 Мамыр , 2016 16:07

Алматыда жоғалған студент Санжарбек Арзиевтің денесі Есентай өзенінен табылды. 23 жастағы жас жігіттің мүрдесі Рысқұлов көшесінің маңындағы тұста кептеліп қалған.

Безымянный

Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

«Қалалық полиция іздестіру жұмыстарын жеңілдету үшін қалалық табиғатты пайдалану басқармасынан Есентай өзенінің ағынын бәсеңдетіп, суын азайтуды сұраған болатын. Соның арқасында жас жігіттің денесі табылды. Оның неден қаза болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді ол.

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті 30 сәуірде жоғалған болатын. Осы уақытқа дейін оның Есентай өзеніне құлап кету ықтималдығы тексерілді. Жігіттің достары аса айқын емес видеода ер адамның көпірден секіріп кеткенін түсіріп алған.

Марқұмның жақындары Бішкектен Алматыға жетті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар