Алматыда қызғаншақ жігіт қызының жаңа сүйіктісін атып тастады
Алматыда жігіт өзіне ұнаған қыздың қасында жүрген азаматты атып тастады.
Бұл туралы Patrul.kz хабарлайды.
Қайғылы оқиға 2016 жылдың 22 желтоқсанында болған. Жігіттің травматикалық қарудан оқ атқан сәті бейнебақылауға түсіп қалған екен. Тергеу барысында қыздың өз жігітімен бірге қаладағы дәмханалардың бірінде демалып отырғаны анықталған. Екеуі сол жерде айқайласып, жігіт кетіп қалады. Араға біраз уақыт салып қайтып келеді. Алайда бұл уақытта ол сүйіктісін таппай қалады. Артынша сүйіктісінің басқа бір жігітпен танысқанын біліп қояды.
Жігіт бірден қыздың үйіне барады. Подъезден қызының жаңа сүйіктісімен құшақтасып тұрғанын көреді. Қызғанышын тұсай алмаған жігіт қалтасынан қару алып, жігітті бірнеше жерінен атып жібереді. Бұдан кейін ол қарсыласын соққыға жығып, өзі қашып кеткен.
ІІД-нің өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қылмыскер осы оқиғадан кейін 10 күн өткен соң ұсталған. Дәл қазір қаладан шықпау туралы қолхатпен бостандықта жүр.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған
Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді
Автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп кетті (видео)
Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)