Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жезөкшелер заңды түрде жұмыс істейтін бордель ашылмақшы

Алматылық жеңгетайлықпен айналысушылар қаладан экзотикалық қызмет көрсететін жезөкшелер үйін ашқалы жатыр. «Түнгі көбелектер» бұл ғимараттың әлемдегі ең үздік бордельдердің қатарына кіретінін айтады.

o_738829

Сурет vesti.ru сайтынан алынды.

Бұл туралы Экспресс газеті хабарлайды.

Тіпті, бір күнде мыңнан астам клиентке қызмет көрсететін 120 жезөкшесі бар Кельндегі 12 қабатты бордельден озып кететініне сенімді.

Заңда 2001 жылға дейін жезөкшелікке айыппұл салыну туралы бап болды. Алайда, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы жаңа заңда ол бап алынып тасталды. Яғни, жезөкшелік заңды түрде қызмет көрсету түріне айналды. Соған байланысты, алматылық жезөкшелер «Жезөкшелер үйін» ашуды ойлап отыр. Олардың бұл ойына қорғаушы Жангелді Сүлейменовтың абайсызда айтқан пікірі түрткі болған.

Ол жезөкшелікке заң түрінде тыйым салынғанына, айыппұл салуына қарсы шығып: «Жезөкшелер тиісті арызын жазып, жеке кәсіпкер болуына болады. Осыдан кейін оларға ешқандай кедергі болмайды. Және мемлекет тарапынан жәрдемақы алып, кәсіпкерлігін дамытуына болады», – деген еді Жангелді Сүлейменов.

«Жезөкшелік бұрын да болған. Қазір де бар. Және болашақта да бола береді. Олар Қазақстанда қонақүйлерде жұмыс істейді. Оған қарағанда бордель салу оңай емес пе? Қыздар мемлекеттік есепке алынып, зейнетақыға тіркелетін еді. Оларды арнайы дәрігерлер тексеріп, ВИЧ сынды аурулардың алдын алады. Біздің бұл ойымызды Қазақстанның әр аймағындағы қыздар қолдайды деп сенеміз. Біз осы істі қолға алу кезінде, әлемдегі бордельдер туралы ақпараттарды оқып білдік. Мәселен, Чехиядағы бордельдердің бірінде бейнетаспаға түсуге келіскен клиенттерге тегін қызмет көрсетіледі екен. Ал, Германияда велосипедпен не қоғамдық көлікпен келген клиенттерге жеңілдіктер жасалатын көрінеді. Францияда тіпті, мобильді бордельдер бар екен. Біз де мүмкіндігінше клиенттерге жақсы жағдай жасағымыз келеді. Ол үшін арнайы мамандармен, стилистермен, шаштараздармен жұмыс істеп, қыздардан нағыз жұлдыз  жасап шығарамыз. Айтпақшы, біз бірталай визажистер мен фотографтар және қолайлы ғимарат орнын тауып та қойдық», – дейді жобаны ұйымдастырушылардың бірі Ирина.

«Қазақстанда жезөкшелікпен айналысуға тыйым салынбайды. Егер қыздар өзінің қызметін ұсынып, қоғамдық орындарда ешкімнің мазасын алмаса, олар әкімшілік жауапқа тартылып, қылмыстық іс қозғалмайды. Ал, ұйымдастырушылардың жезөкшелер үйін ашуы өте күрделі мәселе. Ол үшін ҚР ӘҚ 450 бабы бойынша 100-400 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Бір ғана арыз-шағымның өзі полицейлердің жезөкшелер үйін тінтуіне жеткілікті. Ондай жағдайда ҚР «ұйымдастыру және жезөкшелікке қатысты жеңгетайлықпен айналысу» атты 309 бабына сәйкес жауап береді. Қылмыс жасаушы топтар 3-7 жыл аралығында түрмеге жабылуы мүмкін. Сондықтан бұл іске тәуекел етпеген дұрыс болады. Оларға бұрынғысынша жұмыс істеген, клиенттерін көшеден тауып немесе ғаламторда хабарлағаны дұрыс», – дейді  заңгер Айнагүл Әбіланова.

 

Талқылау