Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жезөкшелер неліктен тәнін сатып жүргендерін түсіндірді

Алматыда бір түнде 60-қа тарта жезөкше ұсталды. Бұл тек көше бойын жағалайтындар мен қонақүйлердің маңын паналайтындары ғана. Әйтпесе, пәтер жалдап, онысын жезөкшелер ордасына айналдырып отырғандардың нақты санын білу мүмкін емес. Оның үстіне, құқық қорғау орындары «түнгі көбелектердің» көбін 3 сағат қана ұстап, қайтадан жібере салуға мәжбүр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Безымянный

Сурет segodnya.ua

Бет-жүзін жасырып, бұтын жалтыратып жүрген бұндай қыздар қуыс-қуыстағы жұпыны қонақүйлерде осылай топырлап жүреді. Тек клиент таппай, ақшадан қысылғандары ғана байырғы әдетке басып, көше торуылдайды. Ал жезөкшелік қызметін барынша жасырғысы келгендер пәтер жалдауға көшкен.

Келушілер үшін пәтерде құмар ойын түрлері де қарастырылған. Карта мен есірткі, онан соң қысқа етек қыздар жігіттердің жан рахатына айналыпты. Ал қыздардың мұндай жолға түсуіне бұрыннан таныс себептер бар.

“Отбасым бар. Олар ешқайсысы көмектеспейді, біледі мені. Осы жақта жүргенімді біледі, сол себепті көмектеспейді маған. Мен ешкімнің алдына барып алақан жайып жүргенім жоқ. Сатсам өз арымды, сатып, өз бала-шағамды асырап жүрмін”, – дейді олар.

Қаланың тек бір ауданында жүргізілген бір түндік рейдте 60-қа тарта жеңіл жүрісті қыз ұсталды. Бұл Түрксіб аудандық ішкі істер қызметкерлерінің күнделікті жұмысына айналған. Қолға түскендердің көбі бұрыннан есепте тұрғандар. Бірақ полиция оларға заң аясында шара қолдана алмайды.

“Тізім бойынша бәрін тексереміз. Үш сағат ұстаймыз, профилактикалық жұмыстар жүргіземіз. Сосын, қайтадан жібереміз. Жезөкше қыздарға арнайы орын ұсынып отырған тұлғалар бойынша 16 факт анықталып, олар қазір әкімшілік сотта істері қаралады. Оларға салынған айыппұлдың көлемі 3 млн.-нан асты”, – дейді Түрксіб аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Фархат Сыбанбаев.

Бұл биылғысы. Ал былтыр 124 жағдай тіркеліп, 6 қонақүй мен 12 пәтер сот шешімімен жабылған. Сондай-ақ, жеңгетайлықпен айналысқандарға жыл басынан бері миллиондап айыппұл салыныпты. Бірақ одан «тән саудасының» азайғаны шамалы.

Талқылау