Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жеті баласын жетектеген ана жәрдемақыға қол жеткізе алмай жүр

Алматыда жеті баласын жетектеген ана жәрдемақыға қол жеткізе алмай жүр. Басыбайлы баспанасы жоқ жалғызбасты келіншек: “Үкіметтен көмек алуым үшін барлығымыз бір жерде тіркеуде тұруымыз керек. Алайда жеті баламмен мені ешкім үйінің маңайына да жолатпайды”, -деп налиды. Ал әр адамға тіркеуге тұру үшін 15 шаршы метр керек.

564556

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

2009 жылы Қазақстанға Қарақалпақстаннан қоныс аударған Гүлбахрам Халмұратова қаңырап тұрған үйді жалға алып, 7 баласымен осында күнелтіп келеді. Оның өзі сатылымға қойылып, қожайындары шық та шық деп көп балалы отбасыға қиын тиіп келеді екен. Тапшылықтан тарыққан жалғыз басты ана алатын жалғыз жәрдемақы – күміс алқаға төленетін 13 мың теңге. Қалғанынан отбасы еш жерде тіркеуге болмағандығынан қағылған.

“Ешқандай, еш жерге пропискаға ешкім алмайды бізді. Квартираға да алмайды көп балалысындар деп. Шашып кетесіңдер, үйді бүлдіріп кетесіңдер деп неше-түрлі әңгіме айтады. Жоғарыдағылар соны ойласа екен деймін да мен, хотя бы пропискамызды жасап берсе екен, көмек берсе екен”, – дейді көп балалы ана Гүлбахрам Қалмұратова.

Күміс алқалы ана базынасын айтып, жергілікті шенділердің есігін талай рет қаққан. Алайда жаны ашып, есіркейтін жан таппадық-деп отыр. Ал үй кезегіне кезекке тұру үшін тағы сол тіркеу кедергі көрінеді. Себебі бір адам тіркеуге тұру үшін пәтерде оған тиесілі кем дегенде 15 шаршы метр аумақ болуы шарт. Ал бүтіндей бір отбасыны тіркеуге алатын аумағы үлкен үйлері бар адамдар бізді жақын маңайлатпайды -деп ашынады.

“Әр адамға есептегенде 15 шаршы метрден келеді екен. А біз отбасымызбен 7 адам тұруымыз керек, оған 120 шаршы метрдей керек екен. 120 шаршы метрі бар адамдармен барып сөйлесейін десек, олар бізді маңына да жолатпайды. Сөйлеспейді да бізбенен”, – деді қызы Бақтыгүл Қалмұратова.

Ал Алатау ауданы әкімінің орынбасары бұндай адамдарды бұрынырақта әкімшілікке, мектеп не балабақшаларға тіркеуге қойып, жағдайын түзеп алғанша жәрдем қолын созатынбыз. Алайда кейін олар аталмыш мемлекеттік мекемелердің мекен-жайын көрсетіп, банктерден несие алып, екі арада үлкен дау туды. Сондықтан бұл істі доғардық дейді ақ жағалылар.

“Алматы қаласында келген квартиранттарға өте қиын прописка мәселесі. Алматы қаласының мәслихатының шешімімен шыққан ғой ол. Ал облыстарда ондай шектеу жоқ. Сондықтан облыстарға барып тіркеуге тұрып, сосын сол жерден әлеуметтік көмегін алу керек -деп ойлаймын мен”, – деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева.

Анықтап білгеніміздей, уақытша тіркеуге тұру мәселесі де қалада шешімін таппаған. Ал 7 баласын жетектеген жалғыз басты ана 1 аптадан кейін паналап келген үйін қожайындарына босатып беруі керек.

Талқылау