Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жеңіл жүрісті 100 бикеш АИВ (ВИЧ) жұқтырған болып шықты

Алматыда жеңіл жүрісті 100 бикеш АИВ (ВИЧ) жұқтырғаны белгілі болды.

0

Өткізілетін рейдтердің нәтижесінде тіркеуге алынған бойжеткендердің ішінде АИВ (иммунитет тапшылығының вирусы) жұқпасын жұқтырғандар да аз емес. Қазір олардың 98-інде бұл ауру бар екендігі анықталды, деп хабарлайды Түрксіб аудандық ІІБ.

«Олардың қызметіне жүгінетін ер адамдар енді ойлануы, өзінің денсаулығын қорғап, сақтауы тиіс. Сондай-ақ, өзінің АИВ (ВИЧ)-статусын біліп тұрып өзгеге қасақана жұқтырған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деді аудандық ІІБ басшысы Данияр Меңдібаев.

Оның айтуынша, жыныстық қызмет көрсетіп жүрген қыздардың арасында көші-қон туралы заңнаманы бұзатындар да жетерлік. Жергілікті атқарылған жұмыстың нәтижесінде қыздар жолдың бойынан кеткен. Бірақ олар  көше бойындағы дәмхана, бар, көңіл көтеру орындарында орналасып алған. Қоғамдық орындарда мазалағаны үшін оларға ҚР ӘҚбК 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
20151202092220

Талқылау