Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған шетелдік: Ол өзі бірінші болып ұрды

Алматыда егде жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасаған түрік азаматы төбелесті жәбірленушінің өзі бірінші болып бастағанын айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған шетелдік: Ол өзі бірінші болып ұрды

«Түркия азаматының жедел жәрдем көлігіне жақындап, жүргізушіні соққыға жыққаны түсірілген видео іс материалдарына қосылды. Дегенмен, ол ұсталғанда бірінші болып жүргізушінің өзі жұдырық ала жүгіргенін айтты. Видеода кімнің кімді ұрғаны бәрі жазылған. Бірақ, ол жедел жәрдем жүргізушісіне қарсы шағым жазған жоқ. Істі тергеу әлі де жалғасуда. Тергеу аяқталысымен іс материалдары сотқа жіберіледі. Онда судья жүргізушіні соққыға жыққан азаматқа қатысты алдын алу шарасын қолдану керек немесе керек еместігін анықтайтын болады», – деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте Алматы қаласы жедел жәрдем станциясының №6 қосалқы станциясының жүргізушісіне шабуыл жасалған  еді. Артынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Сондай-ақ, жүргізушіні соққыға жыққан түрік жігітінің танысы ол туралы шындықты жайып салған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау