Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Түркия азаматы жазадан құтылып кетті

Алматы қаласының Алмалы аудандық қылмыстық сотында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Түркия азаматы Әли Демірге қатысты сот ісі аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Түркия азаматы жазадан құтылып кетті

Егде жастағы жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Әли Демірге ҚР Қылмыстық кодексінің «бұзақылық» бабы бойынша айып тағылған.

«Сот қылмыстық кодекстің «бұзақылық» бабы бойынша жауап берген Әли Демирді жәбірленушімен келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Осы себептен Түркия азаматына қатысты қозғалған қылмыстық сот ісі тоқтатылды», – деді судья Қайрат Иманқұлов қаулыны оқып.

Оның сөзінше, айыпталушының жасаған қылмысы жеңіл дәрежеде жасалған қылмысқа жатады екен.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қыркүйекте Алматыда түрік жігіті егде жастағы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған еді. Артынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Көп ұзамай жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алылған. Бірақ, кейінірек айыпталушы кепілмен босатылды. Ал жақында Түркия азаматы Әли Демірдің жәбірленуші Николай Кучмаға материалдық өтемақы төлегені және олардың ортақ келісімге келгені белгілі болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау