Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауған қардың қалыңдығы 25 см-ге жетті

Алматыда таңғы сағат 4:30-дан бастап түскен қардың қалыңдығы таулы аймақтарда 25 см-ге дейін жетті.

Алматыдағы қарды тазалауға қаланың барлық коммуналдық қызметтері жұмылдырылды, деп хабарлайды. Бүгін Алматы көшелеріндегі көктайғақтың алдын алу үшін 3669 тонна құмды-хлоридті ұнтақ пен 91 тонна техникалық тұз себілді. Барлық аудандық әкімдіктер әр мекеменің жақын территорияның тазалануын қадағалауда.

Бұл жұмысқа 608 техника мен 112 құмсепкіш техника тартылды. 785 жұмысшы қар тазалау жұмыстарына кірісті.

Бұған дейін Алматы ТЖД «Қазгидромет» 10 желтоқсанда қар аралас жаңбыр күйінде қалың жауын-шашын күтілуде. Кей кездері тұман мен көктайғақ болуы мүмкін», – деп хабарлаған.

Талқылау