Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауған қарды жаңа технологиямен тазалап жатыр

Алматыда коммуналды қызметтер жауған қарды тазалаудың жаңа технологиясын пайдаланып жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

20151210110837

Айта кету керек, бүгін таңға жуық қалада қар жауа бастады. Қаланың таулы аймақтарында түскен қардың биіктігі 15-20 см-ге жетті.
«Сұйық ерітіндімен қамтылған құмсепкіш көліктер жолда ылғалданған реагент гранулаларын тегіс төсеп өтіп жатыр. Мұндай төсеме көліктердің дөңгелегінен шашырамайды. Осындай көлікпен бұрынғыдан бес есе артық аймақты тазалап шығуға болады. Құм-хлоридті қосындының бірнеше есе аз жұмсалатынын ескерсек, бұл қоршаған ортаға кері әсерін де азайта түседі», – деді қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан.
Қазір тротуар маңындағы қарды 65 трактор тазалап жатыр. Бұл жұмысқа сондай-ақ, 585 адам жұмылдырылған.
Құмсепкіш көліктер арқылы 1895 тонна құм-хлорид қосындысы мен 91 тонна техникалық тұз себілді.

Талқылау