Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жас жігіттер 7 мың теңге үшін соққыға жыққан зейнеткер қайтыс болды

Қарақшылар шабуылына тап болған ер адам қайтыс болды. 59 жастағы Батихан Сейдалиев 2 жігіттің соққысынан кейін комаға түсіп, 13 күн ес-түссіз жатқан еді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Кейін жақындары оны ауыр хәлде Атырауға алып кетіпті. Бірақ, зардап шегуші туған ауылына жетпей, көз жұмған. Марқұмның өліміне себеп болған қаскөйлер бүгін ұсталған. Зіңгіттей қарақшылар көшеде қаннен-қаперсіз кетіп бара жатқан кісіні 7 мың теңге үшін ұрып жығып

Қылмыс таңғы 6 жарымда жасалған. Қарақшылар жалғыз еркектің өздеріне қарсылық көрсете алмайтынын жақсы білген. Сөйтіп, оның артынан жүгіріп келіп, белінен ұстап жерге лақтырады. Содан ер адамның екі тізесі қатты жарақаттанған. Ары қарай қылмыскерлер оның телефонын тартып алып, ертесіне 7 мың теңгеге сатып жіберген.

Соққыдан ер адамның омыртқасы сынып, қуығы жарылған. Жұлынына да зақым келіпті. Ол Алматыдағы дүкендердің бірінде аула сыпырушы болып жұмыс істеген екен. Марқұмға шабуыл жасаған 19, 20 жастағы жігіттер. Олардың қала ішінде тұрғылықты жері жоқ. Сондықтан күдіктілерді құрықтау оңай болмапты. Қаскөйлердің бірі бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған. Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қарақшылар кінәсін мойындап та үлгерді.


Жіберіп алмаңыз:

Семейде жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды

Маңғыстау облысының тұрғыны сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Риддерде сіріңкемен ойнап жүрген бала үйін өртеп жіберді

Қостанай тұрғыны туған анасын бірнеше рет өлтірмек болған

Талқылау