Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жас жігіт жанармай бекетіне шабуыл жасады

Алматыда жанармай бекетіне шабуыл жасалды. Бекет қызметкерлері шабуылшыны полицияға ұстап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Шабуылға қатысты Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бастапқыда сатып алушы ретінде бекетті бір шолып өтіп, кейін медициналық маска мен пышақ ұстап кірген.

Өзінің айтуынша, пышақты кәуапханадан ұрлаған. Бұны көрген кассирлер қызметтік есіктен кіріп, есікті жауып алады. Осы кезде жанармай құюшы есікті сыртынан жауып, полиция шақырған. Полицейлер шабуылшыны ұстады.

Күдікті бұрын да ұрлық ісіне қатысты айыпталған. Кінәсін мойындады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

“Қазір департамент бекет қызметкерлерін марапаттау ісін қарап жатыр. Оларды азматтық танытып, батылдық көрсетіп, дұрыс әрекет еткендері үшін мараптаптамақ. Олар өзін және өзгені қорғау үшін шабуылшыны ғимарат ішіне қамап тастады. Бұл құрметке ғана емес, марапатқа лайық іс”, – деді Жетісу аудандық ІІБ басшысы, полиция полковнигі Дархан Мусанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау