Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Алматыдағы жалдамалы пәтерде қыз зорлау оқиғасы болды.

1487479555_img_2161

Жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырады. Қыз шақырған мекен-жайға келіп, пәтерге кіргенде жарық болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пәтердің жарығын алдын ала әдейі өшіріп қойған. Жігіттен бөлек оның қасында екі досы болған. Бір уақытта екі досының бірі қызды зорлай бастайды. Ал, қыздың жігіті оны байқамаған кейіп танытады.

1487479535_img_2173

Біраз уақыттан кейін 1996 жылғы қызды пәтерден қуып жібереді. Ол шығысымен жедел-жәрдем қызметіне хабарласады. Дәрігерлер полицейлерге хабар береді. Полицейлер пәтер есігін аша алмағандықтан, төтенше жағдай қызметкерлерін шақыртады.

Полицейлер пәтерге кіргенде үш жігіттің ұйықтап жатқанын көрген. (1991, 1993 жылғы). Оларды полиция бөлімшесіне алып кетеді. Енді бойжеткен сараптамадан өтуі тиіс. Істің мән-жайын тергеу кезінде анықтайтын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал журналист «Мен еркекпін!» деп өзіне сене алатын азаматтарға үндеу жариялады

Ер  адам жаңалық көріп отырып әйелінің жезөкшелікпен айналысатынын біліп қалған

Талқылау