Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жас музыкант көз жұмды

Алматыда өткен жылдың қараша айында жоғалып кеткен жас музыканттың қайтыс болғаны белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Алматыда жас музыкант көз жұмды

Бұл туралы «Қоғамды қауіпсіздік кеңесі» тобы Facebook желісінде мәлімдеді.

19 жастаңы жігіттің іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат 13 қаңтарда желіде тарап кеткен еді.

«Жақын құрбымның Платон Киор есімді ұлы жоғалып кетті. 21 қарашада кешкі сағат 18:00 шамасында үйінен кетіп қалған. …Платон – дарынды адам, музыкаға әуес, еркін мінезді шығармашыл тұлға. Жақындарымен ұрысып қалып, кетіп қалған. Алғашқы күндері бәрі жастықпен солай жасады деп алаңдамаған. Артынша іздей бастады. Алайда жас жігіттің табылмай жатқанына бір жарым айдан асты. Анасы барлық аурухана, мәйітхананы іздеп, полицияға шағымданған. Достары мен қызы оның қайда екенін білмейді. Жоғалып кетті. Ешқандай із жоқ.

… Платон! Егер аман-сау болсаң және осы хабарламаны оқысаң, өтінемін, бей-жай қарамашы. Сенің жоғалып кеткенің бәріміз үшін үлкен қайғы болды. Сені жақсы көреді, үйге қайтып кел», – деп жазған Наталья Слудская есімді қолданушы.

Алайда сол күні кешке «Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі» тобының жетекшісі Ислам Угушев жас жігіттің көз жұмғаны туралы хабарлады.

«Платон табылды… Өкінішке орай, ол мерт болған. Көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары Киор Платонның іздестіріліп жатқаны туралы хабарламаны көріп, оны танып, анасына Платонның көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кеткені туралы хабарлады. Қайтыс болған жігіттің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – делінеді хабарламада.

Алматыда жас музыкант көз жұмды

Сонымен қатар Угушев жазбаның пікірінде Платонды анасының танығанын жазған.

Әзірге құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты ресми мәлімет бермеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау