Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса әлі 4 ай төсекте жатады

Алматыда 3 адамның өмірін қиған ауыр жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдыға толықтай сауығуы үшін әлі 4 ай шамасында уақыт керек. Оны мұнан кейін де дәрігерлер қатаң бақылайтын болады.

Айзада Сатыбалды

Бүгінде травматология бөліміне ауыстырылған актрисаның жағдайы орташа ауыр, деп хабарлайды “Алматы” арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

«Пациент жол апатынан кейін ауыр жағдайда келіп түсті. Түскен кезде бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Сол сәттен бастап бір апта бойына қажетті ем-шаралар, диагностикалық зерттеулер жасалынды. Диагнозы: қосарланған ауыр жарақат, жабық ми жарақаты, бас миының соғылуы, жабық кеуде жарақаты, сол жақтан көптеген қабырғасының сынуы, сол жақ қолының сынуы, травматикалық шок», – дейді Алматы қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Оңласын Ибекенов.

Еске сала кетсек, 29 желтоқсанда Алматыдағы Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында жол апаты орын алып, салдарынан 3 адам мерт болған еді. Олардың ішінде актриса Шолпан Елгезекова да бар. Дәл осы көлікте отырған актриса Айзада Сатыбалдиева ғана аман қалып, ауыр жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді.

Куәгерлердің сөзінше Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кетіп, актриса отырған көлікті соққан. Артынша ол оқиға орнынан қашып кетіпті. Тергеу мәліметтері бойынша, жүргізуші мас болған.

Актриса Шолпан өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты іс ІІМ-нің айрықша бақылауына алынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау