Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жантүршігерлік трамвай апатына кінәлілер жазасын алды

Алматыда трамвайдың кесірінен болған ірі жол апатына кінәлілер жазасын алды. Атап айтқанда трамвай тәлімгері мен жүргізушісі ендігі екі жылын емін-еркін өткізе алмайды, –  деп хабарлайды ктк арнасы.

01(629)

Алмалы аудандық сотының шешімімен олардың бас бостандықтары екі жылға шектелді. Ирина Чучкалова мен Елена Стекольникованың жүруге жарамсыз техникамен жолаушы тасымалдағаны толық дәлелденген. Десе де судья олардың отбасылық жағдайы мен қылмыстарын толық мойындағанын ескеріп тек шартты жаза тағайындапты. Сондықтан енді екеуі де бұдан былай беймезгіл қыдырып, көңіл көтеру орталықтарына бара алмайды. Сондай-ақ тұрғылықты мекен жайларын да өз беттерінше өзгертулеріне рұқсат жоқ.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Алматыда 14 автокөлікті соққан трамвай жүргізушісі көлік жүргізу құқығынан айырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау