Кісі өлтіруші полицейдің ата-анасы марқұм туысқандарынан кешірім сұрады
Алматыда екі адамды көлікпен қағып өлтірген полицейдің туысқандары марқұмдардың жақындарынан кешірім сұрауға келді. Полицейдің туыстары қайғыдан қан жұтқан адамдарды көріп, аз тұрған соң қайтып кеткен, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.
Алматыдағы ірі жол апатынан қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды. Олардың бірі 54 жастағы Жанат Кеңесбаева. Ал екіншісі оның ағасы болған.
Кешелі бері қара жамылған отбасыға туған-туыстары келіп, көңіл айтуда. Тіпті бүгін апатқа кінәлі полиция қызметкерінің ата-анасы да кешірім сұрап келіпті. Алайда, оларға марқұмның туыстары кешірім бермек түгілі үйлеріне де кіргізген жоқ. Ал екі адамды қағып өлтірген полицейдің жұмыс орнында да бұл жағдай туралы жақ ашпады.
Кеше тәртіп сақшылары отырған жеңіл көлік көшенің қарсы бағытымен жүйткіп, екі адамды басып кеткен болатын. Қатты соққыдан тіпті бөлшектеніп кеткен марқұмдардың денесін әр жерден жинап алуға тура келді. Ал апатта зардап шеккен тағы бір адам ауруханада жатыр. Ол БМВ-дағы полицейлердің бірі болуы мүмкін.