Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жанарынан айырылған егіз балаға көмек қажет (фото)

Алматыдағы егіздерге көмек қажет. Ата-ана балалардың көз жанарын қалпына келтіру үшін Санкт-Петербургта ота жасатпақ. Алайда, тегін емес. 2 миллион теңге қажет.

1934011

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Жанары сөніп бара жатқан балғындарды құтқарып қалуға бола ма? Бұл баланың көзіне ақ түсіп жатыр. Екі айдан кейін операция жасауға келмейді. Мына баламның екі көзі, ал мына баламның бір көзі көрмейді. Мәди мен Әли – бұл отбасының тұңғыштары. Ай-күні жетпей туған соң көздерінде кемшілік болған. Алайда ата-анасы оны кеш біліпті.

“Бір жарым айдан кейін айттым, «көздерін тексерту керек еді балалардың» деп едім, врачтар айтты «сап-сау өсіп жатыр, не істейсіңдер, тексермей-ақ қойыңдар, біздікілер түк білмейді» деп айтты. Содан мен жүре бердім. Врачтарға сендім, балаларым жақсы өсіп жатыр екен ғой деп. 5 айлығында екінші туған балам судорога ұстады, мына баламның екі көзі ойнақтап кетті. Алматыға қоныс аударған жас отбасы мынадай аядай бөлмені жалдап тұрады. Егіздерден соң тағы да сәбилі болған Қарагөз омыртқа жарығына шалдығып, белінен тұра алмай қалған. Үш балаға күйеуі қарайды. Мемлекет төлейтін 100 мың теңге жәрдемақығы күн көреді”, – дейді  егіздің анасы Қарагөз Тілешова.

1934011

Жүрегінде бір иманы бар, шын көмек қолын созатын адамдар болса, осы балаларымды сол кісілердің арқасында көз жанарын көретін қылып жасатып алсам, осы баламның, ең құрығанда, бір көзін. Соған да Аллаға тәубе дейтін ем. Екінші баламның бір-ақ көзін жасайды. Бұның бір көзі көреді. Ол Мәди. Әлидің екі көзі көрмейді. Санкт-Петербург дәрігерлері сәбилердің екеуінің де бір жанарын сақтап қалуға болатынын айтқан. Алматыдағы көз аурулары ғылыми зерттеу институты да сәбилерге ота жасауға әзір. Бірақ олар кепілдік бермейді”, – дейді  егіздің анасы Қарагөз Тілешова.

Мұндай ота әдетте шала туған балаға 3 айға дейін жасалады. Сонда тиімді болады. Ал бұл отбасы бізге 5 айдан соң келгенде ауру асқынып, 5-сатыға өтіп кеткен. Біз сәбилерге қазір де операция жасауға дайынбыз. Бірақ көріп кетеді деп айта алмаймыз. Мәди мен Әлидің ата-анасы Санкт-Петербург дәрігерлерінің кеңесіне жазылған. Сәуірдің 17-сінде сонда болуы тиіс. Бірақ отаға қажетті 2 миллион теңгені таппай отыр”, – дейді офтальмолог-дәрігер Әсел Шәріпова.

Ретинопатия, яғни шала туған баланың жарықты сезу қабыршығының жетілмеуі – кең тараған ауру. Қазақстанда бұл мерзімінен бұрын туған сәбилердің 38 пайызында кездеседі. Алматыда былтыр 140 сәби осындай көз ауруымен дүниеге келген.

Жіберіп алмаңыз:

Депутат эфирдегі қысыр сөз, жалған күлкі мен әдепсіз мазақты сынға алды

Алматыда үшем туған әйел көмекке мұқтаж

Алматы облысының тұрғыны дәрігерлердің кесірінен сәбиінің көзі көрмей қалғанын айтты

Талқылау