Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жанармай бекеттері өзара келісіп, бағаны өсірген

Алматыда бірқатар жанармай бекеттері өзара келісіп, бағаны қалауынша өсіріпті. Құлқын қамын ойлағандар сұранысқа ие АИ-92 бензинінің әр литріне былтырдан бері 17 теңге қосып сатқан деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Безымянный

Сурет time.kz

Былығы әшкере болған кәсіпкерлер енді 140 миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс. Табиғи монополияларды реттеу департаментідегілер ол былтырдан бері бензиннен жиналған пайданың мөлшері дейді. Яғни теңгенің еркін айналымға жіберілгенін ұтымды пайдаланған бекет иелері 108 теңгеге сатылған бензинді бақандай 125-ке көтеріп, әр литрінен 17 теңге көрген.

Ал бастапқы бағадан хабарсыз жүргізушілер көліктеріне қымбат отын құйып келген. Бекеттер қазір де бұрын өсірген бағаны ұстап тұр. 92-ші жанармайдың литрі 125 теңге. Және оның жақын күндері төмендейтін түрі жоқ. Өйткені аталған департаменттегілер бекет қожайындары қойған бағаны қайта түсіртуге қауқарсыз екен.

“ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 170-ші бабымен тыйым салынған келісілген іс-әрекеттер анықталды. Олар қыркүйек айының басында бір-екі күн арасында бірден бағаны көтерген. Бензин бағасын реттеу біздің департаменттің құзырына кірмейді, ештеңе айта алмаймын ол жайлы”, – дейді Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы Динара Мұқаева.

Талқылау