Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

Бетперде киген 2 жігіт станция қызметкерлерін қарумен қорқытып, кассадағы ақшаның бәрін қолды қылған. Бұл жайлы КТК арнасы жаңалықтар қызметі мәлімдеді.

e98b6d78b831714376835210344342fdca7

Сурет motor.kz

Тапаншамен, пышақпен қаруланғандар бекеткен таңғы сағат 4-те баса-көктеп кірген. Сол жерде есепшілерді қорқытып, кассадағы 110 мың теңгені алыпты. Қызметкерлердің бірінің ұялы телефоны да қарақшылардың қолында кеткен.

Бірақ қаскөйлер алысқа ұзай алған жоқ. 18 жастағы екі жігіт полицияның қолына түсіп, абақтыға жабылды. Тіпті олардың олардың бұған дейін қарақшылық шабуылдарға қатысы бар дейді тәртіп сақшылары.

“Сезікті 2 тұлға анықталды. Екеуі де Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ елдімекенінің тұрғындары болып шықты. Екеуі де еш жерде жұмыс істемейтін жас бозбалалар”, – деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Талқылау