Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа туған сәбилерге электронды білезік тағылуда

Алматыда перзентханаларға арналған жаңа медициналық қызмет түрі іске қосылды.

8c0ebdaf2e7300f413dbfa561cc44efd_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Енді жаңа туған бала мен оның анасы туралы барлық мәліметтер электронды білезікте сақталады. Аталған жаңалықты алғашқылардың бірі болып қаладағы №1 перзентхана енгізіп отыр.

Жаңа туған нәрестенің қолына тағылатын білезіктер ең алғаш клеенкадан жасалынатын. Кейін олардың орнын пластикалық білезіктер басты. Ал соңғы кездері нәрестелер жайлы барлық мәлімет электронды білезікке жазылып жүр.

Өмірге жаңа келген бұл сәбиді әке-шешесі асыға күткен. Тұңғышын 10 жыл бұрын босанған Жадыра «перзентханалардың да заман ағымынан қалмағаны дұрыс», – дейді. Бөбектің есімін қою атасының еншісінде.

– “Бүгін атасының туған күні. Қазіргі заманда барлығы ыңғайлы. Электронды нұсқада жасалған. Бұрын, 10 жыл бұрын босанған кезде клеенкаға жазған аты-жөнін”, – дейді қала тұрғыны Жадыра Абаева.

Барлық ақпарат әуелі компьютерде теріледі. Содан соң термопринтер арқылы басылып шығады. Электронды білезік су, сабын, спирт пен басқа да химиялық заттарға шыдас береді. Оны ашып, қайта желімдеу мүмкін емес. Демек, балаларды ауыстырып алу немесе мәліметтерді бұрмалау дәйектерінің алдын алады.

– “Бұл жерде арнайы құлпы бар. Бір рет желімдеген соң ешуақытта шешілмейді. Білезікті ашқысы келсе, ол жыртылып кетеді. Оны қалпына келтіру мүмкін емес. Тіпті қайта желімдеген кездің өзінде білезікті бұзбақшы болғанын оңай байқаймыз”, – дейді №1 қалалық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Зәуре Датхаева.

Дәрігерлердің айтуынша, медициналық сервис нәрестелерді тіркеуді жылдамдатып, қауіпсіздікті арттырып отыр. Электронды білезіктің тиімділігін байқаған тағы бір перзентхана басшылығы бұл жаңалықты енгізе бастаған.

Қапшағайда көгалдан жаңа туған сәби табылды

Атырауда жаңа туған сәбиді 5 мың долларға сатпақ болған медбике ұсталды

Ақтауда дәрігер жаңа туған нәрестені өлімнен аман алып қалды

Талқылау