Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалпықалалық сенбілікке қала әкімі мен танымал өнер адамдары қатысты (фото)

Алматыда қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту мақсатында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Безымянный

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Безымянный

Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенбілік барысында көшелердің жиектері, арықтар желісі, аулалар, бос жатқан жерлер, саябақтар, гүлбақтары, гүлзарлар, өзен мен су айдандыраның жағалаулары және басқа да жерлер қоқыстардан тазартылды.

Безымянный

Түркісіб ауданындағы Баум шағын орманында басталған шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен оның орынбасарлары, әкім аппараты мен қалалық басқармалардың қызметкерлері, қалалық Мәслихаттың депутаттары, мәдениет және өнер қайраткерлері, спортшылар және қала жұртшылығының өкілдері қатысты.

Безымянный

Олардың арасында ҚР халық артисі Роза Рымбаева, әнші Әли Оқапов, бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов, «Отырар сазы» Мемлекеттік Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрдің бас дирижері Дінзухра Тілендиева, бокстан қазақ қыздары арасында тұңғыш әлем чемпионы Назым Қызайбай, «МузАрт» тобының әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев, эстрада және джаз әншісі Жанна Орынбасарова, қалалық мәслихат депутаты және актер Асылхан Төлепов және басқа да белгілі тұлғалар болды.

Сонымен қатар, бұл жалпықалалық сенбілікке қаладағы аудан әкімдіктері, пәтер иелері кооперативтері, заңды тұлғалар, жастар мен басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері, орта мектептер мен кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің оқушылары және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Алматының барлық 8 ауданында жүргізілген жаппай тазарту, абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстарына барлығы 300 мыңнан астам адам атсалысты.

Сенбілік барысында 16 мың ағаш көшеті отырғызылды. Солардың ішінде қылқан жапырақты 50 ағаш көшеті енді Баум шағын орманында өсіп жетілетін болады.

Биылғы көктем мезгілінде қала бойынша барлығы 20 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу көзделген.

Сенбілікке 853 арнайы техника жұмылдырылды. Солардың арқасында қала сыртына барлығы 10 265 текше метр қоқыс шығарылды.

Бұдан басқа, қаланың эстетикалық көркін жақсарту ісіне де ерекше көңіл бөлінді. Яғни, қоршаулар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, турникеттер, бағаналар, жарнама тақталарын сырлау жұмыстары жүргізілді.

Талқылау