Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалған жарнама таратты деген ақша айырбастау нүктелерін тексерді

Алматыда ҚР Табиғи монополияларды реттеу және Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті «МиГ» ЖШС-ке қатысты тексеріс жүргізді.

20161010142201

Комиссия отырысында ақша айырбастау пункіндегі жарнамаға байланысты  азаматша тарапынан түсірілген шағым бойынша қарастырылғаны айылды.

Тексеріс нәтижесінде, айырбас нүктесінің радио жарнама арқылы «Айырбастау нүктелері ішіндегі ең үздік курс «МиГ» және «МиГ» компаниясы Алматыдағы көшбасшы екені айтылған.

Департамент өкілі Нұржан Оранхаев айырбастау қызметіне көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама тұрғысынан әділетсіз бәсекелестік дәлелдемелер фактісі бойынша материалдар жариялады.

«Жарнамада көрсетілген мәтін лингвистикалық тұрғыда жалған, жарнамада айтылған компания да өзге айырбас нүктелерімен бірдей қарастырылуы мүмкін. Мәтіндегі қазақша сөз орыс тіліне аударғанда «ең үздік» деген мағынаны білдіреді», – делінген хабарламада.

Компанияның заңгерлік құжаттарына сәйкес көшбасшылық 2014 жылдың нәтижесімен жазылған. Сондықтан жарнама ауыстрылыған еді.

Талқылау барысында 4 дауыс жалған жарнама таратуға байланысты «МиГ» ЖШС Алматы қаласы бойынша ең үздік айырбас нүктесі дәйексіз бәсекелестікке ұмтылды деген қорытындыны қолдады, 2 дауыс қарсы берілді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

СҚО-да саңырауқұлақтан уланған әйел мен оның үш қызы бірдей көз жұмды

Арқалықта екі бала су қайнатқыштың кесірінен көз жұмды

Қазақстандықтар несиелерін жабу үшін ағза мүшелерін сатып жатыр

Талқылау