Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалған полицей елден ақша бопсалауды кәсіп еткен

Алматыда ер адам өзін полицей деп таныстырып елден ақша бопсалап келген. Жалған полицей Рысқұлов Жангелдин көшелерінің қиылысында “қызметін жүргізген”.

20151211100719

Ол осы маңдағы мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойған жүргізушілерден ақша бопсалаумен айналысқан. Оның əрекеті Жетісу ауданында қызметін атқарып жүрген «Буран-152» жол-патруль экипажының қызметкерлерінің күдігін туғызады.

“Түнгі сағат 1-лерде жолдағы азаматтарды тоқтатып тұрған полицейді көрдік. Оның əрекеті күдік туғызды. Өйткені біз көптен бері автопатрульдеуге көшкенбіз. Тексеру кезінде ер адамда жалған құжат, қосылмаған радиостанса, кісен, ІІД қызметкерлеріне арналған жадынама табылған”, – деді полиция сержанты Серік Оразханов.

Оқиға орнына Жетісу ауданы ІІБ жедел тергеу тобы шақырылды.

Анықталғаны, бұл ер адам бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Полиция формасын ашық саудада сатып алған.

 

Талқылау