Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалған құжат жасаумен айналысқан алаяқтар ұсталды

Алматы қаласының полиция қызметкерлері жалған құжат жасаумен айналысқан екі адамды қолға түсірді. Алаяқтар Алматыдағы Логовоя көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінде жалған құжаттар жасап, сатқан деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Алматыда жалған құжат жасаумен айналысқан алаяқтар ұсталды

Алматы ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасының хабарлауынша, үйді тінту барысында жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері мен ҚР ІІМ қызметкерлерінің зейнетақы куәліктерінің дайын пішіндері мен қатты қаптамалары, сондай-ақ Алматы қаласы ІІБ-ның мөртаңбасы тәркіленді.

Алматыда жалған құжат жасаумен айналысқан алаяқтар ұсталды

«Ұсталған азамат өзінің кінәсін толығымен мойындады және 2017 жылдың тамызынан бастап жалған зейнетақы куәліктерін дайындау және сату процесіне қатысқанын айтты. Белгілі болғандай, қылмысқа қатысушы әлеуетті клиенттерді табу және олардан ақша алумен айналысқан 1979 жылы туылған азаматпен бірге жұмыс істеген»,- деп хабарлады Алматы ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдулдинов.

Алматыда жалған құжат жасаумен айналысқан алаяқтар ұсталды

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері осындай операция барысында делдалдарды қылмыс үстінде ұстап алды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу жалғасуда.

Алматыда жалған құжат жасаумен айналысқан алаяқтар ұсталды

Талқылау