Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жабылып қалған қонақүйден тағы да жеңіл жүрісті қыздар табылды

Алматыда жезөкшелердің кесірінен жабылып тынған қонақүйден тағы да жеңіл жүрісті қыздар табылды. Сөйтсе, түнгі көбелектердің ордасына айналған мекеннің иесі айыппұлмен құтыла сала, кәсібін қайта жалғастырған, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

20150928124949

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Мұнысын өзі тіпті «бойжеткендерге жаны ашығандықтан жасадым» деп міз бақпай отыр.

Көп қабатты үйдің түбіндегі жертөле толған жезөкше. Өздерін «төсек перизаты» атаған бойжеткендер осы қонақүйде тұрып, клиент қабылдап жүріпті. Күндіз-түні кісі қарасы үзілмеген ғимарат қожайынының өзі «қыздарға жаным ашығандықтан, қонақүйді жаппадым» деп ақталған.

Негізі бұл кәсіпкер бұған дейін де жезөкшелерді паналатқаны үшін істі боп, қонақүйі жабылған екен. Десе де, ол қыздармен қайта табысып, керісінше төсек құнын төмендеттік деп өздерін жарнамалаған.

“Бір сағаты 5 мың теңге. Уақытқа қарамаймыз, қабылдай береміз”, – дейді қыздар.

Талқылау