Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүргіншіні тонап кеткен жігіт полицейлерге оқ атты

Алматыда ұстау операциясы кезінде полиция қызметкерлеріне оқ атып, қарсылық көрсеткен тонаушы ұсталды.

20161020111337

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, өткен түні Әуезов ауданында бір топ адам жүргіншіні тонап кеткен. Жол патруль, учаскелік полиция қызметкерлері мен инспекторлар күдіктілерді қолға түсіру үшін арнайы операцияны жүзеге асырды.

“Екі күдікті оқиға орнынан көп ұзамай ұсталды. Біреуі бой тасалап кетті. Ер адам өздері пәтер жалдаған үйдің кірберісіне қарай жүгірді. Үйіне жетіп, тіркелмеген травматикалық тапаншасымен оқ атпақшы болды, алайда жедел қимылмен әрекет еткен полицейлер дереу зиянсыздандырып, оны ұстады. Қызметкерлер зардап шеккен жоқ. Ізінше барлық үш қылмыскер ұсталды”, – деді С. Әзірбек.

Факті Бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді. Үш қылмыскер де 1996 жылы туған ОҚО тұрғындары.

ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын қолдану кезеңінде сотқа беріледі. Олардың осындай басқа қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғы тексерілуе.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында 6 оқушы мұсылмандық иіссудан уланып қалды

Шымкентте қызғаншақ күйеуі әйелін балталап өлтірді

Алматыда 35 жастағы әйел 10 баланың анасы атанды

14 жастағы жасөспірімге жын кіріп кетті (фото, видео)

Талқылау