Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүк көлігінің тіркемесіне секіріп мінбек болған ер адам көлік астына түсіп мерт болды (фото)

Қайғылы оқиға Райымбек пен Емцов көшелерінің қиылысында орын алған. Жүк көклігін тізгіндеген жүргізуші ақылға қонымсыз әрекетке барған ер адамды қағып кеткенін байқамаған болуы мүмкін.

Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиғаға куәгер болған бойжеткеннің айтуынша, ол жолдан өтіп бара жатқанда өзін біртүрлі ұстаған ер адамды көрген. Ол өтіп бара жатқан көліктерге тап берген. Өз кезегінде дәл осы жағдай қайғылы оқиғаға алып келген болуы мүмкін.

Куәгер полиция шақырмақ болған. Алайда бұл кезде бәрі тым кеш болыпты. Зардап шегуші өтіп бара жатқан жүк көлігіне тап беріп, тіркемесіне секірмек болғанда құлап кетіп, көлік астына түскен. Ал жүк көлігінің жүргізушісі зардап шегушіні байқамай қалған болуы мүмкін.

Ер адамға көмек көрсетілгенімен, ауыр жарақат салдарынан бірнеше минуттан кейін тіл тартпай кеткен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтайтын болады.

Оқи отырыңыз:

Астанадағы қайғылы оқиға: Мұнара краны құлады

Оралда ішкі істер басқармасы маңынан жауыздықпен өлтірілген 50 жастағы әйелдің денесі табылды

Павлодардағы саяжайдан ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылды

Павлодарда пойыз қағып кеткен 12 жасар бала аман қалды

Талқылау