Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүргізушіні аяусыз ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео пайда болды (видео)

Әлеуметтік желіде орналасқан видеода бейнеленген зорлық әрекеттер желі қолданушыларын шошытты

1202

Бұл туралы Instagram қолданушысы Дамир Әбдірайымов өз парақшасында жария еткен.

Видеода төрт жігіттің екі ер адамды басынан, денесінен ұрып-соғып жатқаны бейнеленген. Зардап шеккендердің бірі, видеоға қарағанда, ес-түссіз жатыр. Екіншісін болса бұзақылар аяқпен тебе бастайды, ал осы сәтте ол еңбектеп қашпақшы болады. Ролик авторының айтуынша, ол ойда жоқта бұл оқиғаның куәгері болыпты. “Жігіттерге осы видео көмегін тигізер! Көлік номері бар!”, – деп жазды Әбдрайымов.

 

Сонымен қатар, ол оқиғаның Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында болғанын айтты. Айтуынша, зардап шеккен жігіттер бұл оқиғаға көлігімен жолын кесіп кеткеннен кейін тап болған. Әбдірайымов өз басын қатерге тікпеу үшін оларды ажыратпаған.

Талқылау