Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүк көлігінің астына жаншылып қалған адамдар аман қалды

Бірнеше тонна тас артқан қытай машинасы қаладағы қозғалысы ең көп көшеде аяқасты бағытынан тайып, бірнеше автокөлікті жапырып кеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

rtrt

Сонымен қоса, жолдың қоршауын да қиратқан ауыр техника артынша аударылып барып әрең тоқтапты. Абырой болғанда, жүк көлігі жапырып өткен машиналардың жүргізушілері де, жолаушылары да дін аман.

Саин көшесіндегі кісі шошырлық көрініс мына SHACMAN-ның кесірінен болған. Толғанша тас артқан қытайлық жүк көлігі 4 жолақты магистральдың тас-талқанын шығарды.

Түтіндеген техниканы құтқарушылар әрең дегенде сөндіріп үлгерді. Жолдағының бәрін жапырып өткен жүк көлігі бірнеше автомашинаны іле кеткен. Біразы қашып құтылса, төртеуі астына түсіп, олар да аударылған. Ауыр техника жаншыған мына көліктің сау-тамтығы қалмапты. Бірақ, құдай сақтап жүргізушісі дін-аман. Ал мына жүргізушінің тіптен жолы болды десек болады. Жүк көлігінің соққысынан жан-жақа ұшқан темір сынықтары мен ауыр тастар оның Тойотасына тимей қалған.

Көлік қозғалысы күндіз-түні үзілмейтін ең үлкен көшелердің бірі-Саинда сойқан салған жүк көлігінің қай фирмаға тиесілі екені айтылмай отыр. Тек оның құрылыс компанияларына қатысы бары белгілі. Тасты толғанша тиеген оның түн ортасында жоғары жылдамдықпен жүйіткігенін көргендер бар. Болжам бойынша, ауыр техниакның тежегіші істен шығуы мүмкін. Өйткені куәгерлердің бірі оның ұзақ уақыт тоқтай алмай келе жатқанын көріпті.

“Жүк көлігі сонау Шаляпин көшесінен белгі беріп келді. Жүргізушісі қайта-қайта шамын жағып жұртқа белгі берді. Бірақ ешкім оған мән бермеді. Ал соңында Саинға бұрылып аударылды”, – деді оқиға куәгері Есіл Жәлиев.

Жүк көлігінің тізгінінде 24 жастағы жігіт отырыпты. Бұзық техникамен жолға шығып, бірнеше адамды жазым қыла жаздаған ол да жеңіл желпі жарақаттар алған. Бірақ полицейлерден олай құтылмасы анық.

“Абырой болғанда соқтығыс салдарынан ешбір адам зардап шеккен жоқ. Тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде бұл жол апатына әкеп соқтырған факторлар міндетті түрде анықталатын болады”, – деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ауыр техникалардың қала ішінде емін-еркін тайрандауына тыйым салуды жұрт бірнеше мәрте сұраған. Бірақ талап сол күйі аяқсыз қалды. Бұл жағдайдан кейін де оларға шектеудің қойылуы екіталай.

Оқи отырыңыз:

Павлодар бір топ жігіт дәмхана қонағын өлімші етіп сабады (видео)

Астаналық әйел мас күйінде жол апатын жасады (фото)

Павлодарда 4 жастағы қыз бен әжесі опырылып түскен асфальттың астында қалды

Талқылау