Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда зейнеткер троллейбустан құлап қалды

Алматыда зейнеткер троллейбустан құлап түсті. Жүргізуші есіктен шығып жатқан қарт кісіні аңғармай қалған. Нәтижесінде 85 жастағы егде кісі асфальт үстіне бірнеше метрге дейін ұшып түсті. Жедел көмек қоғамдық көлік аялдамасында көрсетілді.

сввс

Сурет zaleskiy.com

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Оқиға 21 сәуір күні қаланың орталығында Абай мен Әуезов көшелерінің қиылысында күндізгі уақыт 12-де болған. Қарт кісі шығып жатқан кезде, көлік қозғалып кеткен.

Оқиға орын алған сәтте аялдамада бірнеше адам болған. Куәгерлердің айтуынша троллейбус егде кісіні бірнеше метрге дейін сүйреп кетіпті. Адамдар көмекке ұмтылған. Сосын олар дәрігер шақыртқан. Қарт кісінің қиын жағдайына байланысты, тура аялдамада дәрі егуге мәжбүр болған. Зейнеткер ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан.

“Аяқ сүйектері ашық сынып кеткен. Білек сүйегі де жарақат алған. ол орталық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр”, – дейді жедел жәрдем дәрігері Вадим Васканов.

Қазір зардап шегуші қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер қарттың жағдайы ауыр деп бағалап отыр. Алайда троллейбус паркі болған жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Талқылау