Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда зергерлік бұйымдар сататын дүкен өртенді

Алматының Арбатындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан ашылған дүкен өртенген. Өртті өшіру кезінде тоғыз қабатты үйден 52 азамат қауіпсіз аймаққа көшірілген. Олардың ішінде он екісі балалар болған.

дукен
Жібекжолы мен Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан дүкендегі өрт жылу жүйесінің тоғынан шыққан. Ашық өрт болмаған. Қалалық ТЖД қызметкерлері тілсіз жаудың тез арада ауыздықталғанын хабарлайды.
Өрт жайлы ақпарат 101 номеріне кешкі сағат 20:19 –да түскен.
« 20:24 өрт сөндіру қызметінің бірінші көлігі жетіп барды. Жылдам әрекеттің арқасында өрт ауыздықталды. Абырой болғандар зардап шеккен адамдар жоқ. Өртенген аумақ 30 квадрат метр»,-дейді ТЖД баспасөз баяндамасында.
Бірсағатқа жетпей от толықтай өшірілген. ТЖД өртті ауыздықтау үшін 30 қызметкер, 5 негізгі және 2 арнайы техника жұмылдырылған.

Талқылау