Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз митинг ұйымдастырған тұрғынды қамап тастады

Алматы тұрғыны рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

20160504212448

Алматы ауданаралық мамандандырылған сотында ҚР ӘқК 488-бабының 3-бөлімімен әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес 2016 жылдың 1 мамырында Пушкин мен Райымбек көшелерінің қиылысында кешкі 20:00 шамасында сотталушы  Кемелбаев 100 адамның басын қосып, санкцияланбаған митинг өткізген. Жиналғандар жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қарсылығын білдірді.

Сот үкімімен Н.Кемелбаев ҚР ӘқК 488-бабының 3-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

Талқылау